Размер шрифта:
Көркемөнер бөлімі «Суретшілер әлемінде» атты іс-шара өткізілді
01-11-2023 23:17
Көркемөнер бөлімі «Суретшілер әлемінде» атты іс-шара өткізілді

Балалар өнер мектебінің жанынан құрылған Ы.Алтынсарин атындағы №25 мектептегі филиалында көркемөнер бөлімі 7-8, 9-10 жас дайындық топтары арасында «Суретшілер әлемінде» атты іс-шара өткізілді. Бейнелеу өнерінің түрлері, жанрлары, түстері туралы мәліметтер, қызықты деректер берілді. Сонымен қатар миға шабуыл сұрақтар қойылып, ептілікті , икемділікті, тапқырлықты қажет ететін түрлі ойындар жүргізілді. Балалар белсенділік танытып, көңілді атсалысты. Жасаған жұмыстары көрме қойылды.

Педагог: Бакирова Л.Б.
Жүнісбаев М.Ж
Кошанова Ш.С