Балалар өнер мектебінде Қ.Сағырбайұлының 200 жылдығына арналған лекция концерті көпшілік көрерменге ұсынылды.
31-10-2023 20:18
Балалар өнер мектебінде  Қ.Сағырбайұлының 200 жылдығына арналған лекция концерті көпшілік көрерменге ұсынылды.
Балалар өнер мектебінде 31 қазан күні оқушылардың күзгі демалыс кезіндегі бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында, мектебіміздің жылдық жоспарына сәйкес, домбыра сыныбы педагогтерінің ұйымдастыруымен, оқушылардың қатысуымен Қазақтың классик күйші- композиторы, күрескер, батыр ұлы Қ.Сағырбайұлының 200 жылдығына арналған лекция концерті көпшілік көрерменге ұсынылды.
Концертте Қ.Сағырбайұлының өмірбаяны, жүріп өткен жолдары, күйлерінің, шығармаларының шығу тарихы туралы айтылып, үнтаспадан және оқушылардың орындалуымен күйлері шертілді. Көрермен ретінде қаламыздың ардагерлері мен қала қонақтары шақырылды. Концерт соңында Ардагер, Ұлағатты ұстаз Берікбол Батаевич мектеп ұжымына алғысы мен рахметін жаудырды. Ардагерлер қоғамының атынан Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары Шолпан Нұрмыхановна мектебімізге Алғыс хат берді. Мектебіміздің директоры Жексембекова Г.С. барлық қатысушыларға, ардагерлерге рахметін айтып, құттықтау сөз сөйледі. Артынша мектебіміздің оқушылары Құрманғызының «Балбрауын» күйін тартып, тағы да көпшіліктің сұрауымен «Сарыарқа» күйін орындап концертімізді түйіндеді.