«Сәлем, Қарағанды!» телевизиялық бағдарламасының шақыртуымен, телекөрерменге өнерлерін паш етті
30-10-2023 20:07
«Сәлем, Қарағанды!» телевизиялық бағдарламасының шақыртуымен, телекөрерменге өнерлерін паш етті

Қазан айының 27 жұлдызында Балқаш қаласы, Балалар өнер мектебінің театр сыныбының педагогі Айдос Сұңқар өзінің 4-ші сынып оқушылары Сайлаухан Мадияр, Аханова Айым, Айдынқызы Аяжан, Амантай Айбекпен «Сәлем, Қарағанды!» телевизиялық бағдарламасының шақыртуымен Қарағанды қаласына барып, көпшілік телекөрерменге өнерлерін паш етті. Тележүргізушінің сұрауымен оқушылар қонақ кәде ретінде Мұхтар Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» поэзиясын оқыса, сөз соңында педагогіміз Айдос Сұңқар өзінің мектеп бітіруші түлектеріне қимастық сезімі мен, олардың өнерлері мен жетістіктері туралы ашыла айтып, келешекте де осындай қомақты байқауларға қатысып, жүлделі орындар иеленіп, мектеп қоржынын жеңіске толтыратынын зор сеніммен айтты. Артынша Н.Қалжанның «Нұрлы арман» әнін нақышына келтіре орындап, көпшілік көрерменге сыйға тартты. Әріптесіміз бен тәрбиеленушілерімізге шығармашылық табыс тілеп, өнерлеріңіз өрге жүзіп, көпшілік көрерменнің алғысына бөлене беріңіздер демекпіз!!!