Шашубай Қошқарбайұлының шығармашылығына арналған танымдық семинар
12-10-2023 12:51
Шашубай Қошқарбайұлының шығармашылығына арналған танымдық семинар
Қазан айының 12ші-жұлдызында «Балалар өнер мектебінде» өлкемізге танымал жыршы Шашубай Қошқарбайұлының шығармашылығына арналған танымдық семинар болып өтті.  Семинардың мақсаты:  Өлкемізге танымал жыршы Шашубай Қошқарбайұлының шығармашылығымен танысып, жырларын, айтыс өнерін жас ұрпаққа насихаттап, еліне, туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Осы іс шараға мектебіміздің оқушылары, ұстаздары қатысып, қонақ ретінде қаламыздың белгілі жазушысы, Республикалық "Қазақ тілі" қоғамының бірінші делегаты,  Балқаш қалалық телестудиясының аға редакторы,Балқаш қалалық "Қазақ тілі" қоғамының төрағасы, аймақтық "Балқаш өңірі" газетінің редакторы болып қызмет жасаған, "Орталық Қазақстан" газетінің аймақтық тілшісі, Шашубайтанушы Жанболат Башар, Облыстық Орталық Қазақстан газетінің тілшісі, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Журналистер одағының мүшесі, ақын Нұрдос Кәрім шақырылды. Дәстүрлі ән сыныбының ұстаздары Манарбек Еркебұлан, Жасымхан Нұржан, Аққыз Жанғұтты қызы  өз ойларымен бөлісіп,әннен шашу шашты.