Размер шрифта:
Ұстаздардың төл мерекесі күніне арналған Оқушылар сарайында қалалық мерекелік салтанатты жиын
09-10-2023 12:13
Ұстаздардың төл мерекесі күніне арналған Оқушылар сарайында қалалық мерекелік салтанатты жиын

6 қазан  күні ұстаздардың төл мерекесі күніне арналған Оқушылар сарайында қалалық мерекелік  салтанатты жиын өтті. Мерекеге мектебіміздің 30 домбырашылары Дәулеткерей "Көроғлы"  күйін, скрипкашылар ансамблі Молдавский нар.мелодия "Молдовеняска" шығармасын, флейта сыныбының оқушысы Айткүл Айша Е.Хасангалиев "Сағындым сені" композициясын, вокал сыныбының оқушылары Қ.Баекенов" Ұстазым» әнін нақышына келтіре орындаса, Ақмаржан би ансамблі ."Кітап білім бұлағы" сюжеттік биін көпшілік көрермендерге ұсынып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сонымен қатар салтанатты жиында «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен фортепиано сыныбының педагогі Пак Г.Х., Облыстық білім бөлімінің «Құрмет грамотасымен» дәстүрлі ән сыныбының педагогі Абдуалиева Ж.Н. марапаптталса, Қалалық әкімнің Құрмет грамотасымен скрипка сыныбының  педегогі Заболотная Я.В. марапатталды.

 
Құттықтаймыз!!!