«Еңбек күні» мерекесіне орай мектебіміздің концерт залында шағын мерекелік концерт ұсынылды.
Қазақстанда қыркүйек айының соңғы жексенбісінде еңбек етуші, жұмысшы, әр саладағы маман иелерін құрметтеу дәстүрлерін жандандыру және келешек ұрпаққа жас кезінен бастап жұмыстын маңыздылығын ұғындыру мақсатында Елбасының жарлығымен 2013 жылғы қарашада құрылған «Еңбек күні» атап өтілуде.Осы мерекеге орай мектебіміздің концерт залында мектепке қызмет көрсететін ұжымымызды құттықтап шағын мерекелік концерт ұсынылды. Мерекеде мектебіміздің директоры Г.С.Жексембекова құттықтау сөзімен бастап, соңынан шағын концерт ұсынылып, ұжымдастарымызға көтеріңкі көңіл күй тарту етілді.






