«Төрт тоқсан-төрт өнер» тұжырымдамасы бойынша дайындық жұмыстары
12-09-2023 17:00
«Төрт тоқсан-төрт өнер» тұжырымдамасы бойынша дайындық жұмыстары

Балқаш қаласы, Балалар өнер мектебі- ЮНЕСКО клубында «Төрт тоқсан-төрт өнер» тұжырымдамасы бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы бойынша барлық білім беру ұйымдарында Оқу- ағарту министрлігінің бастамасымен "Төрт тоқсан- төрт өнер" жобасы іске асырылуда.
Жобаның мақсаты: Қазақстандық патриотизмді, ұлттық биімділікке, көпұлтты мемлекет болғандықтан, өз халқының мәдени дәстүрлеріне,жалпыадамзаттық құндылықтарын біліп, сақтап жүру. Балалар мен жастардың жетістігін шындайтын жетістігін көрсету.
Осы жобаға орай мереке қарсаңында мектебімізде әр түрлі іс-шаралар дайындығы қызу дайындық үстінде. «Төрт тоқсан- төрт өнер» Ұлттық мәдени- ағартушылық жобасы аясында Балқаш қаласы, Балалар өнер мектебі- ЮНЕСКО клубында мерекелер, байқаулар, көрмелер, сайыстар жоспар бойынша ұйымдастырылып өткізіледі.