Размер шрифта:
"Жарқырап жайнай берші сен Астана" мерекелік шағын концерті
06-07-2023 10:46
6-шілде Астана күні - Қазақстанның мемлекеттік мерекесі. 1994 жылы 6 шілдеде Қазақстанның Жоғарғы кеңесі елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы қаулы шығарған. 1998 жылы 6 мамырда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен Ақмола Астана болып өзгерді. Ал 2019 жылдың 20 наурызында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімінде ант қабылдағаннан кейін Астананы Нұр-Сұлтанға ауыстыруды ұсынды.
Елордаға «Астана» атауын қайтару туралы бастама ресми деңгейде 2022 жылдың қыркүйегінде айтылды. Мәжіліс депутаттарынан құралған «Жаңа Қазақстан» тобы БАҚ өкілдерімен баспасөз мәслихатын өткізіп, қоғам талқылауына осындай ұсыныс тастаған.
Осы Астана күні мерекесіне орай Балалар өнер мектебі оқушыларының "Жарқырап жайнай берші сен Астана" атты мерекелік шағын концертін ұсынамыз.