Күйші композитор М. Хамзинге арналған лекция концерт
02-07-2023 10:16
Күйші композитор М. Хамзинге арналған лекция концерт

Шілде айының бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күніне орай, «Балалар өнер мектебі» - ЮНЕСКО клубында күйші композитор М. Хамзинге арналған лекция концерт ұйымдастырылды. Концертті көруге мектебіміздің ұстаздары, жазғы мектепке қатысып, домбыраға қызығушылық танытып жүрген оқушылар қатысты. Концерт барысында оқушыларға күйшінің өмір баяны, жазбалары айтылып, өз орындауындағы шығармалары тындалып көптеген мағлұматтар берілді. Домбыра сыныбының педагогі Тоқмырза. А.Б, домбыра сыныбының оқушылары Көкенов Маратхан, Кәмелхан Жетен күйшінің шығармаларын нақышына келтіре орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл сыйлады. Ұлттық домбыра күні мерекесі құтты болсын! Қазағымыздың киелі домбырасы мәңгі жасай берсін!

https://www.facebook.com/ArtSchoolBalkhash/videos/936207551131730

https://www.youtube.com/watch?v=WLxX25fK0aY