Балалар өнер мектебінің түлектеріне мектеп бітіру куәлігі салтанатты түрде тапсырылды
09-06-2023 11:39
Балалар өнер мектебінің түлектеріне мектеп бітіру куәлігі салтанатты түрде тапсырылды
8 маусым күні Балалар өнер мектебінің түлектеріне мектеп бітіру куәлігі салтанатты түрде тапсырылды. Биылғы 2022- 2023 оқу жылын 54 өнерлі өрен тәмәмдап, үлккен өнер жолына қанат қақты. Оқудағы озат үлгерімі, Халықаралық, Республикалық балалар шығармашылығы байқауларында жеңіске жетіп, ұлттық өнерді дәріптегені үшін және Халықаралық, Республикалық балалар шығармашылығы байқауларында жеңіске жетіп, шығармашылық өнерді жеңіске жеткені үшін мектебіміздің директоры Жексембекова Гулжихан Сагатовна түлектерімізге Алғыс хаттар табыстады. Сонымен қатар мектеп өміріне белсене араласып, өнерге жанашырлық танытып жүрген ата-аналарға алғыс хаттар тапсырылды. Соңынан мектеп бітірушілеріміздің өнерін тамашалап, естелікке суретке түсіп көңілді тарқасты.
Тілеріміз мектеп бітіруші түлектерімізге Сәттілік, сонымен қатар алған өнер-білімдерін жоғары, арнайы-орта өнер оқу орындарында жалғастырып, білікті маман иелері болуларына тілектеспіз!