Балалар өнер мектебі – ЮНЕСКО клубының «Ертеңіміз біз елдің» атты жылдық есеп беру концерті
30-05-2023 16:34
Балалар өнер мектебі – ЮНЕСКО клубының «Ертеңіміз біз елдің» атты жылдық есеп беру концерті
27 мамыр күні талантты, дарынды балалардың өнерлерін дамытып, биік белестерді бағындыруға шыңдайтын өнер ордасы Балқаш қаласы, Балалар өнер мектебі – ЮНЕСКО клубының «Ертеңіміз біз елдің» атты жылдық есеп беру концерті болды. Концертте оқушылар топтық хор, оркестр, бишілер ансамбльдері, домбырашылар ансамбльдері, вокалдық топтар сонымен қатар жеке саксафон, фортепиано аспабында өнер көрсетіп, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.