Ш.Қошқарбаевтің өмірі мен шығармашылығы жайында тақырыптық дәріс өткізілді
17-05-2023 16:11
17 Мамыр күні мектебімізде Шашубай Қошқарбаевтің өмірі мен шығармашылығы жайында дәстүрлі ән, домбыра сыныптары оқушыларына тақырыптық дәріс өткізілді. Дәрісте Шашубай Қошқарбаевтің өмірбаяны, шығармашылығы, өнері жайында мағлұматтар берілді. Дәстүрлі ән сыныбының педагогі Құнарбекова А.Ж Ш.Қошқарбаевтің "Ақ қайың" әнін орындап әннен шашу шашты. Соңында оқушылармен тақырып жайында сұрақ алмасты.