VI-шы Халықаралық көп жанрлық «Қазақстандағы көктем» атты фестиваль- байқауы
29-сәуір күні Қарағанды қаласында VI-шы Халықаралық көп жанрлық «Қазақстандағы көктем» атты фестиваль- байқауы болып өтті.
Байқау «Естелік, бейбітшілік және ізгілік жолдары» ұранымен және «Қазақстандағы әлем музыкасы» халықаралық байқаулар мен фестивальдерді ұйымдастыру комитеті» және Болгария «Дарындар одағы» ұйымдастыру комитетімен бірлесіп өткізілді.
Конкурсқа Қазақстанның барлық облысынан қатысқан үміткерлер жас ерекшеліктеріне байланысты сынға түсті.
Мектебіміздің вокал сыныбынан екі оқушымыз қатысып, Қоянбаева Жанерке (орта топ) II-ші орын, Карыбек Мейрам (жоғары топ) белсене қатысқаны үшін мадақтау дипломымен марапатталды. (пед.Нұрбекова Ғ.С.)





Құттықтаймыз!!!