"Біз – Галактика балаларымыз" жалпы тақырыбымен біріктірілген "Өнерлі шебер"шығармашылық практикум
15 сәуір күні Қарағанды қаласының Облыстық бейнелеу өнері мұражайында "Біз – Галактика балаларымыз" жалпы тақырыбымен біріктірілген "Өнерлі шебер" ХІ облыстық шығармашылық практикумы өтті.
Семинарға Қарағанды облысының қосымша білім беру ұйымдарының көркемдік-эстетикалық бағыттағы педагогтері қатысты.
Педагогтер Галактика және ғарыш тақырыптарына байланысты шығармашылық ғарыштық қондырғыларды, суреттерді, мүсіндерді ұсынды. Облыстық шығармашылық практикум бағдарламасына сай майлы бояулар, акрил арқылы салынған суреттер, саздан мүсін жасау, дымқыл киіз басу техникасындағы жұмыстар, коллаждар және т. б. бойынша шеберлік сыныптары өткізілді. Семинарға көркемөнер бөлімінің педагогтері, Садвакасова. Д. Б, Совет. А. Қ қатысып келді.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға дипломдар мен алғыс хаттар табыс етілді.





