Оқу-әдістемелік жұмысының жоспарына сәйкес жас мамандарға нұсқаулықтар берілді
2022-2023 оқу жылының оқу-әдістемелік жұмысының жоспарына сәйкес наурыз айының 3-17 аралығында жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында сабақтарға қатысып, нұсқаулықтар берілді. Мектебімізде жеті жас маман қызмет жасайды. Оқу жылының басында сабақ кестесін құруға, репертуарлық шығармаларды таңдауға бағыт-бағдар беріледі. Атап айтсақ: көркемөнер, хореография, домбыра, театр, дәстүрлі ән бөлімдері.




