Размер шрифта:
II облыстық «Ән жайлауым- Сарыарқа» дәстүрлі ән орындаушылар фестиваль- байқауы
27-02-2023 22:56
Балалар өнер мектебінің дәстүрлі ән сыныбы оқушылары 24 ақпан күні «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми- практикалық орталығы қолдауымен, Саран қаласының «Балалар өнер мектебі» ұйымдастыруымен өткен II облыстық «Ән жайлауым- Сарыарқа» дәстүрлі ән орындаушылар фестиваль- байқауына қатысып, қарсыластарын оза шауып, жүлделі оралды. Орта топта 46 бала ішінен Бас жүлдені Абдибеков Ершат (педагог: Жасымхан Н.Т.) иеленсе, жоғары топта 29 қатысушы ішінен Амангелді Бекарыс 1 орын (педагог: Абдуалиева Ж.Н.), Айтқали Айбар 3 орын (педагог: Жасымхан Н.Т.) иеленді. Садық Аруна, Тайтөлеуова Саяжан, Нұрмаханбетова Зульфия, Бүркітбайқызы Айым қатысқаны үшін Сертификаттар алды. Құттықтаймыз!
Өнерлерің өрге жүзсін Жас таланттар ! Самғай беріңдер, қанаттарың талмасын демекпіз!!!