Көркемөнер бөлімінің педагогі Бакирова.Л.Б. ашық сабағы өткізді
Балқаш қаласының қосымша білім беру педагогтары қауымдастығының жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылдың 15-ші ақпанында «Балалар өнер мектебі» көркемөнер бөлімінің педагогі Бакирова.Л.Б. қала мектептерінің көркемөнер педагогтеріне арналған ашық сабағы өткізілді. Ашық сабақтың тақырыбы «Малтатастан пано жасау» Сабақта Бакирова Лаззат Болатовна осы тақырып бойынша өз тәжірибесімен бөлісті. Сабақ барысында педагог тақырыпты толық ашып, оқушыларды ынталандыра білді. Сабақ соңында шақырылған қонақтар өз пікірлерімен бөлісіп, сабақтың жүйелі өткенін айтып, жақсы оймен тарқасты.




