Күләш Байсейітоваға арналған «Қазақ бұлбұлы Күләш» атты танымдық лекцияциялық кеш
20 қаңтар күні мектебімізде қазақ халқының талантты да аяулы қызы, аты аңызға айналған қазақ операсының негізін қалаған бұлбұл үнді, күміс көмей әншісі 24 жасында КСРО-ның халық әртісі атанған ерекше дарын иесі Күләш Байсейітоваға арналған «Қазақ бұлбұлы Күләш» атты танымдық лекцияциялық кеш болып өтті. Кеш барысында К.Байсейітованың өмірбаяны туралы ақпарат беріліп, слайд көрсетіліп тұрды, сонымен қоса Күләш Байсейітованың орындаған әндері мен опералардан ария үзінділері әншінің өз орындауында тыңдалды. Кеш соңы К.Байсейітованың өмірбаяны мен шығармашылығына арналған сұрақ-жауаппен аяқталды.




