Балалар өнер мектебінде «Тәуелсіздік-тұғырым» тақырыбында іс- шара болып өтті.
15-12-2022 10:55
Тәуелсіздік - ту етер, Тәңір сыйлаған жанымызға жақын, құлағымызға жұмсақ естілетін, естігенде жұдырықтай жүрегімді қуаныш кернейтін тәтті ұғым, елімнің басына қонған бақ құсы. 14 желтоқсан күні осы Тәуелсіздік мерекесіне орай, Балалар өнер мектебінде «Тәуелсіздік-тұғырым» тақырыбында іс- шара болып өтті. Мерекенің басталуын мектебіміздің директоры Жексембекова Г.С. құттықтау сөзімен бастап, артынша осы күнге тұспа-тұс келіп тұрған, 2013 жылдан бастап жыл сайын дәстүрге айналған Күләш Байсейтова атындағы степендияның тағайындау рәсімімен жалғасты. Стипендия мектебіміздің мақтанышы, оқу озаты, Облыстық, Республикалық, Халықаралық байқаулардың жүлдегері флейта сыныбының оқушысы биылғы мектебіміздің түлегі Сыздықова Данаға тиесілі болды. Құттықтау сөз флейта ата- аналар комитетінің төрайымы Я.А.Бердникке берілді, артынша Дана мектебімізге алғыс сөзін айтып, музыкалық сәлем жолдады. Флейта класының педагогі С.Д. Шохатаеваға облыс білім басқармасының Құрмет грамотасы тапсырылды. Мереке әрі қарай концерттік бағдарламамен жалғасып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болсын! Мерекеміз құтты болсын!!!