23 қазан күні қаламызға кезекті гастрольдік сапармен келген театр бөлімінің оқушыларымен кездесу өткізіп, сұхбаттасты
Балқаш қаласының «Балалар өнер мектебі»-ЮНЕСКО клубы «Балалар және театр» жобасы аясында ашылған театр бөлімінің оқушыларының ынталарын арттыру мақсатында Қарағанды қаласының К.С.Станиславский атындағы театрмен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Театрдың директоры Еспаев Дунай Амандықұлы оқушылармен онлайн кездесулер өткізіп, мастер-кластар көрсетіп, әдістемелік жағынан көмегін беріп отырады. Қаламызға гастрольдік сапар барысында театр артистері мектебімізге келіп оқушылармен кездесулер өткізеді.
23 қазан күні қаламызға кезекті гастрольдік сапармен келген К.С.Станиславский театрының директоры, ҚР мәдениет қайраткері, Жастар Одағы сыйлығының иегері Еспаев Дунай Амандықұлы қонақта болып, театр бөлімінің оқушыларымен кездесу өткізіп, сұхбаттасты. Оқушылар театр өмірі, театрлық қойылымдар туралы сұрақтар қойып, толық мағлұмат алды. Кездесуге келген журналистер мен мұғалімдерде Дунай Амандықұлының шығармашылығы, қызметі туралы әңгімелесті. Мектеп директоры Г.С.Жексембекова Д.А.Еспаевқа алғыс хат тапсырып, театр ұжымына шығармашылық табыс тілеп, келешекте ынтымақтастықта жұмыс жасауға ниетін білдірді.
«Детская школа искусств»-клуб ЮНЕСКО города Балхаш работает в тесном контакте с театром имени К.С.Станиславского города Караганды с целью повышения мотивации учащихся театрального отделения, открытого в рамках проекта «Дети и театр». Директор театра Еспаев Дунай Амандыкович проводит онлайн встречи с учащимися, проводит мастер-классы, оказывает методическую помощь. Во время гастролей в наш город, артисты театра посещают школу искусств, проводят творческие встречи с учениками.
23 октября во время очередных гастролей в наш город, в школу был приглашен директор театра, деятель культуры РК, лауреат премии Союза Молодежи Еспаев Дунай Амандыкұлы. Учащиеся театрального отделения задавали вопросы о театральной жизни, театральных постановках. Журналисты и учителя, пришедшие на встречу, поинтересовались о творчестве, деятельности Дуная Амандықұы. Директор школы Г.С.Жексембекова вручила благодарственное письмо Д.А.Еспаеву, пожелала театральному коллективу театра творческих успехов и о намерении сотрудничать в будущем.




