М.Хамзин атындағы мәдениет сарайында 25 қазан Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті
21 қазан- М.Хамзин атындағы мәдениет сарайының үлкен көрермендер залында 25 қазан Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті. Мерекелік концертті әрлендіруге Балалар өнер мектебінің педагогтары мен оқушылары белсене ат салысып, өз өнерлері көпшілікке паш етті. Дәстүрлі ән, домбыра,қобыз, жетіген, вокал сыныбы, хореография бөлімі және театр бөлімінің педагогтары мен оқушылары әр түрлі ролді сомдап, театрлық қойылымның мәнді өтуіне үлкен септіктерін тигізді. . Мектебіміздегі педагогтардан құралған «Мерей» ансамблі «Ғасырлар тоғысында» күйімен мерекелік концерттің салтанатты ашылуына зор үлесін қосты. . Ұжымымызға шығармашылық табыс тілейміз!!!







