Республика күні құтты болсын!
25-10-2022 11:03
ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР, АТА-АНАЛАР ЖӘНЕ ОҚУШЫЛАР!
Республика күніне арналған жылы құттықтаулырымызды қабыл алыңыздар! 1990 жылы 25 қазанда тұңғыш Тәуелсіздік декларациясы қабылданып, еліміз әлем алдында өз еркіндігі мен бостандығын жария етіп, ата-бабамыздың сан ғасырлық арманы жүзеге асты. Бұл мереке көп ұлтты Қазақстан халқының бірлігінің символына айналды.
Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасы – қуатты, қарқынды дамып келе жатқан және гүлденген мемлекет!
Әр шаңыраққа денсаулық, амандық пен береке, бақыт пен тыныштық тілейміз! Егеменді елеміздің еңсесі биік болып, гүлдене берсін!
ЮНЕСКО клубы-Балалар өнер мектебінің әкімшілігі.