«Сарыарқаның әуендері» атты халық шығармашылығының облыстық байқауы
Қазақстан Республикасы күніне арналған Қарағанды облысының селолық аудандары мен қалаларының «Сарыарқаның әуендері» атты халық шығармашылығының облыстық байқауына Балалар өнер мектебінің көркемөнер бөлімі оқушылары Қаламыздың 85 жыл мерейтойына арналған жұмыстарымен қатысты. Сонымен қатар саханада Ақмаржан би тобы өз өнерлерін көрсетіп, биден шашу шашты.



