Ұстаздардың төл мерекесі күніне арналған М.Хамзин атындағы мәдениет сарайында салтанатты жиын
30-09-2022 19:35
29 Қыркүйек күні ұстаздардың төл мерекесі күніне арналған М.Хамзин атындағы мәдениет сарайында салтанатты жиын өтті. Мерекеге мектебіміздің 30 домбырашылары Құрманғазының «Балбыраун» күйін, вокал сыныбының ұстаздары «Ұстазым» әнін нақышына келтіре орындаса, театр бөлімінің педагогі А.Байтұрсынов рөлін сомдап, көрермен әріптестерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сонымен қатар Облыстың Құрмет грамотасымен домбыра сыныбының педагогі Елеубекова Г.У. марапаптталса, Қалалық әкімнің Құрмет грамотасымен хореография бөлімінің педегогі Шыныбаева С.Е марапатталды. Құттықтаймыз!!!