Размер шрифта:
«Еңбек күні» атап өтілуіне орай шағын мерекелік концерт
24-09-2022 10:20

Қазақстанда қыркүйек айының соңғы жексенбісінде еңбек етуші, жұмысшы, әр саладағы маман иелерін құрметтеу дәстүрлерін жандандыру және келешек ұрпаққа жас кезінен бастап жұмыстын маңыздылығын ұғындыру мақсатында Елбасының жарлығымен 2013 жылғы қарашада құрылған «Еңбек күні» атап өтілуде.Осы мерекеге орай мектебіміздің концерт залында мектепке қызмет көрсететін ұжымымызды құттықтап шағын мерекелік концерт ұсындық. Мерекеде мектебіміздің директоры Г.С.Жексембекова құттықтау сөзімен бастап, Алғыс хат, мерекелік сыйлар табыстады. Соңынан шағын концерт ұсынылып, ұжымдастарымызға көтеріңкі көңіл күй тарту етілді.