"Ұлттық домбыра күніне" орай "Күмбірлеген домбыра" атты мерекелік концерт өтті
01-07-2022 08:45
"Ұлттық домбыра күніне" орай Балқаш қаласы Балалар өнер мектебі-ЮНЕСКО клубы алаңында "Күмбірлеген домбыра" атты мерекелік концерт өтті. Концертті көруге білім саласының ардагерлері, мектеп оқушылары келді. Балалар өнер мектебінің домбыра, дәстүрлі ән сыныбының оқушылары Құрманғазының, Динаның, Дәулеткерейдің, Сүгірдің, Мағауяның, тағыда басқа дәулескер күйшілердің күйлерін, М.Ержановтың, Шашубай Қошқарбайұлының әндерін нақышына келтіре орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.Ұлттық домбыра күні халқымыздың рухын биіктетін күн! Домбырамыздың үні Қазақ даласында асқақтап күмбірлей берсін!
На площади Детской школы искусств -клуб ЮНЕСКО прошел концерт ко дню Национальной домбры. Зрителями концерта были ветераны образования и учащиеся школ города. На концерте прозвучали произведения Курмангазы, Дины, Даулеткерея, Сугура, Магуия и других композиторов.