Размер шрифта:
Балалар күні мерекесіне орай «Балалар өнер мектебінде» бүлдіршіндерге арналған іс-шаралар болып өтті.
01-06-2022 10:34
Балалар күні мерекесіне орай «Балалар өнер мектебінде» бүлдіршіндерге арналған іс-шаралар болып өтті. Хореография бөлімінің оқушылары үшін «Сәбидің бәрі бақытты болуы үшін жаралған...» тақырыбында ойын түрінде әр түрлі билер мен ойындар өткізілді. Көркемөнер бөлімінің оқушылары «Әлем балалар көзімен» тақырыбында өздерінің бақытты балалық шақтарын, қызықты күндерін бормен асфалтқа сурет салу арқылы бейнеледі. Театр бөлімінің оқушылары есеп беру концертін өткізді. Спектакльдер қойып, пантомима көрсетіп, тақпақтар, монологтар оқыды. Концертті тамашалауға орта мектептердің оқушылары мен ата-аналар келді! Мереке құтты болсын! Балаларымыздың аспаны ашық болсын!
В честь Дня зашиты детей в «Детской школе искусств» города прошли мероприятия, посвященные детям. На хореографическом отделении с учащимися провели различные танцы и игры. Учащиеся художественного отделения рисовали мелом на асфальте на тему «Мир глазами детей». Они изобразили свое счастливое детство, безоблачное небо, природу. Учащиеся театрального отделения провели отчётный концерт. Показали спектакли, понтомиму, читали стихи и монологи. Зрителями концерта были дети общеобразовательных школ и родители. С праздником наши дорогие дети! Пусть небо над головой всегда будет мирным, а каждый новый день-добрым и интересным!