Размер шрифта:
Балалар өнер мектебінде 7 мамырды Отан қорғаушылар күніне байланысты іс- шара болып өтті
06-05-2022 21:39
Еліміз 7 мамырды Отан қорғаушылар күні ретінде атап өтеді. Биыл бұл күн Тәуелсіз Қазақстанның қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толғанына тұспа-тұс келіп тұр. Дәстүр бойынша бұл күні барша қазақстандық ер азаматтарға жылы лебіздер айтылады. Балалар өнер мектебінде осы мерекеге байланысты іс- шара болып өтті. Мектебіміздің директоры Г. С. Жексембекова еңбекте толасыз қызмет жасап жүрген әріптестерімізді атаулы мерекемен құттықтап, көркем өнер бөлімінің педагогы А. Қ. Советке, театр бөлімінің педагогы Ж. Ж. Жанғазиевқа алғыс хат жариялады.
Соңында мерекелік ән-шашу болып өтті.