2022 жылдың 28 сәуір күні Балқаш қаласының Балалар өнер мектебі-ЮНЕСКО клубының мектеп күні іс-шарасы өтті
2022 жылдың 28 сәуір күні Балқаш қаласының Балалар өнер мектебі-ЮНЕСКО клубының мектеп күні іс-шарасы өтті. Шығармашылық күн оқушылардың функционалдық сауаттылығын көрсетуге арналды. Қонақтарды «Телқоңыр» домбырашылар ансамблі өздерінің бағдармаларын орындап қарсы алды. «Балалар және театр» жобасы аясында ашылған театр бөлімінің оқушылары С.Мұратбековтың «Жусан иісі» спектаклінен үзінді қойып, өнерлерін көрсетті.
Мектептің шығармашылық алаңында көркемсурет бөлімінің жоғарғы сынып оқушыларының жұмыстары әр түрлі техникаларда орындалып, Балқаш қаласының 85 жылдығы, Рухани жаңғыру, Балалар жылы тақырыптарында көрсетілді.
Көркемсурет бөлімінің педагогі Бурлакова Ю.В. «Дрифт - вудқа еліктеп декоративтік арт-объект дайындау» шебер класында Балқаш көлінің жағалауы макетін жасап, қаламызда бар стеллалардың, ескерткіштердің мүсіндердің дайындады.
«Синтезаторда өз сүйемелдеуімен ән айту, вокал сабағында орындаушылық дағдыларды жетілдірудің оңтайлы әдісі» мастер класында, вокал класының педагогі Тлеулина Ж.С. оқушыларға синтезатор аспабында өз сүйемелдеуімен ән айтуды үйретудің тиімді жолдарын, аспаптың мүмкіндіктерін пайдалануды көрсетті. Оқушылар алған дағдыларын жалпы білім беретін мектептерінде болатын концерттерде, отбасымен бірігіп ән айтуда тиімді пайдаланып, өнер мектебінде алған білімдерін жүрген орталарында қолдана алатындарын айтып, өз сүйемелдеулерінде әндер орындап берді.
Театр бөлімінің педагогі Жангазиев Ж.Ж. «Шеберлікке үйрету жаттығулары» сабағында актерлік шеберлік, сахна тілі дәрістерінде үйретілетін жаттығуларды оқушылармен көрсетті. Сабақта балалар шағын этюдтер, пантомима көрсетіп, поэзия оқыды.
«Оқушылардың әлеуметтенуіне оркестр пәнінің берер септігі» ашық сабағында, оркестр пәнінің педагогі Нурбекова А.Б. жоғары сынып оқушылары оркестрімен жұмыс жасау әдістерін айтып, келген қонақтарға оқушылардың оркестр сабағында шығармашылығы, ізденімпаздығы, бәсекеге қабілеттілігі артытынын көрсетті.
Мектептің көркемсурет, хореография дайындық топтарының оқушылары көрме жұмыстарын көрсетіп, «Балдырған» биін биледі.
«Мектебім-өнерім-өмірім» атты концерттік бағдарлама жоғары сыныптар хорының «Мерей» педагогтар ансамблі сүйемелденуімен орындаған Қ.Шілдебаевтың «Отан Ана» әнімен басталды. Концертте «Ақмаржан» би ансамблі, «Серпер» домбырашылар квинтеті, гитарашылар ансамблі, «Алқоңыр» дәстүрлі ән орындаушылар ансамблі, «Серебрянный струны» скрипкашылар ансамблі, «Орфей» флейташылар ансамблі, вокал тобы, саксофон, фортепиано дуэттері, «Гәкку» жетігеншілер ансамблі өнер көрсетіп, «Балдәурен» хорының «Қазақстаным-Отаным» әнімен аяқталды. Мектеп-оқушы-ата-ана бірлескен тәрбие, білім беру үлгісін көрсеткен іс-шара білім бөлімі мамандары мен қала мектептері директорларының жоғары бағасын алды.












