Размер шрифта:
Алматы қаласында «Біз іздеген таланттар» Халықаралық балалар мен жасөспірімдер байқауы
29-03-2022 10:20
Көктем айының каникулында Алматы қаласында «Біз іздеген таланттар» Халықаралық балалар мен жасөспірімдер байқауында Балқаш қаласы Балалар өнер мектебінің театр бөлімі оқушылары С. Мұратбековтың «Жусан иісі» мен Б.Соқпақбавтың «Менің атым Қожа» қойылымын көрерменге ұсынды. 15 бәсеке топпен бақ сынасып қос бірдей Бас жүлдені қанжығасына байлады. Қазылар алқасының мүшесі ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші, педагог Бахыт Шадаева балалардың еңбегін ерекше бағалап, рахметін білдірді. Оқушыларымызды суретке түсіріп қазақ фильіміне ұсынатынын жеткізді. Балқаш қаласы, Балалар өнер мектебіне ерекше алғысын білдірді.Қойылымдарға қатысқан оқушылар Аханова Айым, Айдынқызы Аяжан, Амантай Айбек, Кумарбекова Наргиз, Болатова Айлан, Қуандық Нариман, Сейтимбетова Ильназ, Асет Ділназ, Сайлаухан Мадияр жеңістерің құтты болсын! Театр бөлімінің ұстаздары Айдос Сұнқар мен Жангазиев Жанбатыр Жангазыулына зор алғысымызды білдіреміз!
На весенних каникулах 2022 года в городе Алматы на Международном детско-юношеском конкурсе «Таланты, которые мы ищем» учащиеся театрального отделения Детской школы искусств г.Балхаш представили зрителям спектакли С.Муратбекова «Жусан иісі» и Б.Сокпакбава «Менің атым Қожа». Среди 15-и постановок они завоевали два ГРАН ПРИ. Поздравляем учащихся участвовавших в спектаклях Аханову Айым, Айдынқызы Аяжан, Амантай Айбек, Кумарбекову Наргиз, Болатову Айлан, Қуандық Нариман, Сейтимбетову Ильназ, Асет Ділназ, Сайлаухан Мадияр с ПОБЕДОЙ! Выражаем огромную благодарность педагогам театрального отделения Айдос Сұнқар и Жангазиеву Жанбатыр Жангазыулы!