«Өнер мектебі» КМҚК хореография бөлімі педагогының қызметіне конкурс жариялайды
01-12-2017 12:48

«Өнер мектебі» КМҚК хореография бөлімі педагогының қызметіне конкурс жариялайды

 

Мекенжайы:  «Өнер мектебі» КМҚК  - Балқаш қ., Қараменде би к., 14, телефон – факс 4-53-03;

Функционалдық міндеттері: хореография негіздері сабақтарын мемлекеттік тілде оқитын топтарда жүргізу; би қойылымын қою – бидің бірыңғай көркемдік бейнесін жасау, би қимылдарын үйрету, музыка таңдау; би ұжымының концерттік және мерекелік бағдарламаларға қатысуын қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талап: жоғары немесе арнайы орта кәсіптік білім; шығармашылық, бейнелік ойлау, педагогика, психология, жас ерекшеліктері физиология теорияларын, пән бойынша сабақ беру әдісін білу.

Конкурс  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №1017 бұйрығымен бекітілген азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларына сәйкес өткізіледі. 

Конкурсқа қатысуға тиісті құжаттар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде ұсынылуы қажет.

Қажетті ақпаратты мына мекенжайдан алуға болады: 100300, Балқаш қаласы, Қараменде би көшесі, 14, «Өнер мектебі» КМҚК, 227 кабинет, анықтама телефоны: 4-53-03.