Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік-тұғырым» тақырыбында онлайн көрме
Балалар өнер мектебінің көркемөнер бөлімінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік-тұғырым» тақырыбында онлайн көрме ұйымдастырды. Көрмеге 7-8 жас тобының мерекеге арнап орындаған жапсырма, 9-10 жас тобы, 2- 4 сынып оқушыларының суреттері және дипломдық жұмыстары қойылды. Жас қылқалам шеберлері мерекелік суреттерді орындай отырып, қандай құнмен, қаншалықты маңызды екенін жақсы сезіне білген. Көз қуантарлық, түрлі-түсті бояумен орындай отырып, егеменді еліміздің болашағы жарқын болатынын суреттеген. Туған елін, отанын сүйетін, ұлтжандылыққа тәрбиелейтін патриоттық іс -шараға оқушылар белсене араласып өнерлерін ортаға салды.


