Қыркүйек айының 29- шы жұлдызында, Балалар өнер мектебінің директоры Г. С. Жексембекованың қатысуымен жас мамандармен отырыс болды.
Мектебімізде 10 жас маман қызмет жасайды. Араларында өзіміздің өнер мектебін бітірген оқушыларымыз бар. Отырыста мектеп құжаттарының дұрыс толтыруын, сабақ процесінде оқытудың тиімді әдіс- тәсілдерін таңдау және тәжірибені дамыту бойынша маңызды кеңестер ұсынылды. Отырыс соңында қатысушы мұғалімдер өзара пікір алмасып, өз ойларымен бөлісті







