Балқаш қаласының «Балалар өнер мектебі» КМҚК бос лауазымдарға педагогтарды қабылдау үшін конкурс жариялайды.
20-08-2021 18:40

Қарағанды облысы Білім басқармасының Балқаш қаласы

білім бөлімінің «Балалар өнер мектебі» КМҚК 

ҚР Еңбек Кодексінің 139 бабына сәйкес төмендегі бос лауазымдарға педагогтарды қабылдау үшін конкурс жариялайды.

 

Лауазым атауы

Бос орын саны

Бос сағаттар саны

мерзімі

   1.

Хореография бөлімінің мұғалімі

2

36 сағат

Тұрақты жұмысқа

   2.

Фортепиано класының  мұғалімі

1

18 сағат

Тұрақты жұмысқа

   3.

Флейта класының  мұғалімі

1

18 сағат

Тұрақты жұмысқа

   4.

Скрипка класының  мұғалімі

1

18 сағат

Тұрақты жұмысқа

   5.

Дәстүрлі ән класының  мұғалімі

1

18 сағат

Тұрақты жұмысқа

   6.

Домбыра класының  мұғалімі

1

18 сағат

Тұрақты жұмысқа

   7.

Вокал класының  мұғалімі

1

18 сағат

Тұрақты жұмысқа

   8.

Қобыз класының мұғалімі

1

18 сағат

Тұрақты жұмысқа

   9.

Саксофон класының мұғалімі

1

18 сағат

Тұрақты жұмысқа

  10.

Көркемөнер бөлімінің  мұғалімі

1

18 сағат

Тұрақты жұмысқа

  11.

Музыка-теориясы пәндерінің мұғалімі

2

36 сағат

Тұрақты жұмысқа

  12.

Концертмейстер

2

36 сағат

Тұрақты жұмысқа

  13.

Өнер тарихы мұғалімі

1

18  сағат

Тұрақты жұмысқа

     

 Лауазымдық міндеттері: Қосымша білім беру саласында білім алушылардың әртүрлі шығармашылық қызметін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.

   Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің құрамын жинақтайды, оқу мерзімі ішінде оларды сақтау шараларын қолданады.

   Білім алушыларға, тәрбиеленушілерге қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысады, сабақтардың жоспарлары мен бағдарламаларын жасайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді.

   Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің шығармашылық қабілеттерін анықтайды, адамгершілік-рухани дамуына, тұрақты кәсіби қызығушылығын қалыптастыруға ықпал етеді. Білім беру процесіне инновациялық технологияларды қосады, оқу практикасына байланысты жүзеге асырады.       

   Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жетістіктерін қамтамасыз етеді және талдайды.    

   Қалыпты кәсіби қызығушылығы мен бейімін қалыптастыруға ықпал етеді, дарынды және талантты білім алушыларды, тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктерімен балаларды дамытуды қолдайды.

   Балалардың жаппай білім беру іс-шараларына (конкурстар, көрмелер, слеттер, конференциялар, олимпиадалар) қатысуын ұйымдастырады.

   Әдістемелік кеңестердің, бірлестіктердің қызметіне, семинарларға, конференцияларға, кәсіби қоғамдастықтарға қатысады. Жүйелі түрде өзінің кәсіби біліктілігін арттырады.

Білуге міндетті:

   Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", Қазақстан Республикасының білім беру қызметін реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерін; Педагогика және психология негіздерін.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

   жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейін педагогикалық білім, немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім, немесе қайта даярлау туралы құжат; жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік білімі немесе жұмыс өтіліне талап қойылмайды, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

Және (немесе) біліктілігі жоғары деңгейдегі педагог-шебер кемінде 6 жыл.

Және (немесе) біліктілігі жоғары немесе орта деңгейдегі педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог – зерттеуші кемінде 5 жыл.

Еңбек ақы мөлшерібілім деңгейіне, еңбек өтіліне, біліктілік санатына байланысты төленеді.

Конкурсқа қатысу үшін:

Конкурстық комиссияның қарауына құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Балқаш қаласы, Қараменде би көшесі 14 үй мекенжайы бойынша, және  iskusstva007@yandex.ru электрондық пошта бойынша 2021 жылдың 20-25 тамыз аралығында қабылдау бөлмесінде қабылданады. Анықтама үшін телефон: 4-53-03.

Тапсыратын құжаттар.

Жас мамандарға:

1.Өтініш

2.Жеке куәліктің көшірмесі

3. Диплом көшірмесі (қосымшасымен бірге)

4. біліктілік тестіден өту сертификаты

Еңбек өтілі бар үміткерлерге:

1.Өтініш

2.Жеке куәліктің көшірмесі

3. Диплом көшірмесі (қосымшасымен бірге)

4. біліктілік санаты туралы куәлігі көшірмесі

5. Еңбек кітапшасының көшірмесі