«Төрлет берекелі, мерекелі, жыл басы!» онлайн концерті
19-03-2021 11:46
Халқымызбен бірге жасасып келе жатқан Наурыз мейрамының ерекшелігі зор. Тарихы тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген. Қазақстан халқы үшін Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке. Наурыз - көктемгі жаңарудың, махаббаттың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі.
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекеге орай Балалар өнер мектебінде бірқатар іс-шаралар өткізілуде. Театрландырылған көріністер, онлайн концерт және көркемөнер бөлімінде көрме ұйымдастырылуда. Соның бірі қалалық білім бөлімінің жоспарына сәйкес өткізілген «Төрлет берекелі, мерекелі, жыл басы!» онлайн концерттерімізді ұсынымыз.
Праздник Наурыз, который мы отмечаем вместе с нашим народом - особенный. Наурыз - с его богатой историей всегда был праздником единства, доброй воли и солидарности нашего мудрого народа. Для казахстанцев Наурыз - великий праздник, символизирующий весну и обновление.
Наурыз - праздник весеннего обновления, любви, добра и мира.
Накануне 30-летия Независимости республики Казахстан, в Детской школе искусств проводятся ряд мероприятий в честь великого праздника Наурыз: театральные постановки, онлайн-концерты и выставки. Предлагаем вашему вниманию онлайн-концерт «Төрлет берекелі, мерекелі, жыл басы!», который проводится согласно плану городского отдела обрвзования.