"Балдаурен" Республикалық ән - би байқауы

2017 жылдың 28-29 наурыз аралығында Алматы қаласында Жасөспірімдер арасында Республикалық «Балдаурен» өнер байқауы өтті. Бұл байқауға Алматы, Қарағанды, Талдақорған,Теміртау,Өскемен қалалаынан және ауыл аймақтарынан жас таланттар өз бақтарын сынға салды. Балқаш қалалық өнер мектебінен «Жігер» ансамблі мен қобыз, домбыра сыныптарынан жеке орындаушылар қатысып қайтты. «Жігер» ансамблінің орындауындағы С.Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» мен «Қара жорға» халық күйін өте жылы қабылдап, әділқызылар алқасы ансамбілдің орындау шеберлігін ерекше атап өтті, жүлделі 1-ші орынды жеңіп алды. Жеке орындаушылар арасында Мажит Әділет -3 орын ,Молдабеков Бексұлтан, Абенова Сымбат, Талғат Әдемі-қобыз ,Қалымбетов Әбдіғали да үлкен жетістіктер көрсетіп,1-ші орындарға ие болды. Оқушылар үлкен әсер алып, шабыттанып қайтты.