К.Байсеитова атындағы стипендияның тағайындалу рәсімі
К.Байсеитова атындағы стипендияның тағайындалу рәсімі
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Күләш Байсеитова өнерінің рухани сабақтастығы» атты жобаға сәйкес өткізілетін мектебіміздің ең үздік түлегі, яғни оқу озаты, халықаралық,
республикалық байқаулардың жеңімпазы,
мерекелік іс-шараларға белсенді қатысушы оқушымызға К.Байсеитова атындағы стипендиясы тағайындалады. Жыл сайын Президент күні қарсаңында өткізілетін рәсіміміз жалғасын тауып келеді.Биылғы стипендияны домбыра класының
5-ші сынып оқушысы Өнербек Нұржан иеленді.
Іс-шарамызды мектебіміздің директоры Г.С.Жексембекова мерекелік құттықтауымен ашып, жеңімпаз оқушыға сертификат, төсбелгі табыстап, мектебіміздің құрмет тақтасына суретін орналастарды. Ай сайын оқушының жеке шотына 10.000 теңге көлемінде шәкіртақы аударылатынын айтып өтті. Соңында жеңімпаз түлегіміз және ата-анасы мектеп ұстаздарына алғысын білдірді.
Стипендия иегірі келген қонақтарға мектеп ұжымына өздерінің алғысы ретінде музыкалық сәлем жолдады.




