«Өнегелі өмір» облыстық жоба аясында Өнер мектебінің театр бөлімінің оқушылары ZOOM платформасында Қарағанды қаласының Тәттімбет атындағы өнер колледжінің педагогі Еспаев Дунай Амандықұлымен кездесу өткізді
24-11-2020 22:32
2020 жылдың 24 қараша күні «Өнегелі өмір» облыстық жоба аясында Өнер мектебінің театр бөлімінің оқушылары ZOOM платформасында Қарағанды қаласының Тәттімбет атындағы өнер колледжінің педагогі, ҚР мәдениет қайраткері, Жастар одағы сыйлығының лауреаты, жылдың ең үздік актёрі, С.Станиславский атындағы орыс драма театрының директоры Еспаев Дунай Амандықұлымен кездесу өткізді. Театр бөлімінің педагогі Айдос Сұңқар мен бөлім оқушылары қонаққа актёрлік шеберлік пен сахна мәдениеті туралы сұрақтар қойды. Дунай Амандықұлы актёрлік шеберліктің қыр-сырымен бөлісіп, өзінің шығармашылық жолы туралы айтып, шығармашылық тұлғаның қалыптасуына актёр мамандығының берері көп екенін айтып өтті.
Мектеп директоры Жексембекова Г.С. қонаққа қызықты кездесу өткізгеніне алғыс білдрді. Өнер мектебінің жас театр бөлімінің дамыту мақсатында келешекте шығармашылық қарам-қатынаста жұмыс жасауға ұсыныс білдірді.
В рамках областного проекта «Өнегелі өмір» 24 ноября 2020 года учащиеся театрального отделения Школы искусств провели встречу по платформе ZOOM с преподавателем колледжа искусств им.Таттимбета г.Караганды, деятелем культуры РК, лауреатом премии Союза молодежи, директором русского драматического театра им.С.Станиславского Еспаевым Дунай Амандықұлы. Педагог театрального отделения Айдос Сұңқар и учащиеся задавали вопросы по актёрскому мастерству и сценической культуре. Дунай Амандықұлы поделился секретами актёрского мастерства, рассказал о своём творческом пути и подчеркнул значимость профессии актера в ставновлении творческой личности.
Директор школы Жексембекова Г.С. поблагодарила гостя за интересную встречу, выразила желание о дальнейшем совместном творческом сотрудничестве в развитии молодого театрального отделния школы искусств.