Размер шрифта:
«Халық күйлері»
26-10-2016 13:58
«Халық күйлері»

2016 жылдың 26 қазан айында қазақ халқының жан сезімі мен жан серігі, қазақтың қоңыр домбырасы арқылы пайда болған халқымыздың киелі мұрасын дәріптеу мақсатында оқытушы Б.С.Асылжанованың «Халық күйлері» тақырыбында лекция-концерт болып өтті.

Бұл концертте ұстаздар мен оқушылар халық күйлерін ойнау арқылы, күйдің құдіретін  тыңдаушының жүрегіне жеткізе алды. Көптеген слайдтар көрсетіліп, күйлерге анатация берілді. Атап айтсақ: халық күйі «Ақсақ құлан», «Қарасай - Қази», «Ел айырылған», «Кеңес», «Айжан қыз», «Келіншек, «Жастар биі», «Тепең көк», «Қаражорға».

Концертке қатысқан мектеп директоры Р. Ж. Бакаева, оқу әдіскері Г.С.Жексембекова концерттің жақсы дәрежеде жүргізілгенін айтып өтті.