«Бала дауысы » республикалық балалар ән байқауы
13-11-2016 10:09
 «Бала дауысы » республикалық балалар ән байқауы

2016 жылдың 12-13 қараша күндері Астана қаласындағы Республика сарайында  «Бала дауысы » республикалық балалар ән байқауы болып өтті.

Байқауға вокал сыныбының оқушысы Сагнаева Адина Қарағанды облысының намысын қорғап өз өнерін көрсетті.

16 облыстан қатысқан өнерпаздар сайыстың бірінші күні өз дауыстарына арнап жазған  композитор Р. Ғайсин әндерін орындаса, екінші күні тәлімгерлерімен қосылып ән салды.

Адина бірінші күні «Мектебім» әнін орындап,өзінің ән орындауымен қатар би ырғағында жақсы қозғалуымен көзге түсті.

Сайыстың екінші күні Адина тәлімгері Медеу Арынбаевпен бірге «Анажан» әнін орындап шықты.

Адина «Бала дауысы» ән байқауының лауреаты және «Мисс артистизм»номинациясымен марапатталды,сонымен қоса«TECHNO DOM» белгілерінен сыйлықтар алды.