Размер шрифта:
Алматы қаласының 1000 жылдығы мен Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы
25-10-2016 09:30
Алматы қаласының 1000 жылдығы мен Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы

Алматы қаласының 1000 жылдығы мен Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы мерекесіне аясында ұйымдастырылған Республикалық пленэр- шеберлік кластарының сабақтары 25.10.2016ж  - 31.10.2016ж аралығында Алматы қаласында өтті. Қазақстанның барлық облыстарынан келген мұғалімдер мен оқушыларды «Арман дала» деп аталатын балалар демалыс орталығындағы қонақ үйде  қарсы алып, орналастырды. Өзіммен бірге барған 4- оқушы Морозова Снежана, Мирная Виктория, Чинарева Полина, Нестеров Кириллбарлық өткізілген іс шараларға, шеберлік класстарға бар қызығушылықтарымен атсалысты. Пленэр кезінде әр түрлі техникадаорындалатын бірнеше мұғалімнің шеберлік класстар сабағы жүргізілді. Мұғалімдер қауымымен бірге жұмыс істеуден керемет әсер алды. Иван Ардашовтың «Групповой портрет» шеберлік сағатында оқушылар бір- бірінің суретін салды. Мерей Ибрагимовтың фьюзинг бойынша шыныны ыстық пеште балқыту шеберлік сағаты оқушылардың бойына шығармашылық шабыт бергендей болды. Ал, Пабло Пикассоның суреті бойынша орындаған Олга Беликованың композициясы батыл әдістермен ерекшеленді.Елена Рыжинскаяның « Стрит - Арт» жұмысы пленэр қатысушыларын ландшафтық дизайының қыр – сырын түсінуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар балалар «рабица» торының көмегімен түрлі композициялар құрастыруды үйренді. Беларусь Республикасынан келген Тамара Прокофьеваның «Казахстанский алфавит» жұмысы арқылы балалар мәдени ескерткіштерді бейнелеудегі жаңа әдіспен танысты. Шымкен қаласы суретшілер одағының мүшесі Владимир Уколов өзінің «Осенний пейзаж » бойынша өткізген шеберлік сағатында акварельмен жұмыс істеу дағдысын түсіндірді. Шеберлік сабақтарында әр түрлі материалдардан әинекпен сурет салу, джинси материалына сурет салу, журнал қйындыларынан абстрактілі портрет шығару, пеноплас материалынан мүсіндік дизайын жасау, капрон стакандарды тор сеткаға кіргізіп сурет шығару әдіс-тәсілдерін үйреніп игерді.   Барған барлық оқушылар қалаға шығып Арбатта серуен құрып, ЦУМ кинокомплексінде «Кубо. самурай туралы аңыз»  мультфильмін тамашалады.  Шеберлік классы сабақтарынан балалар жақсы әсер алып, ісмерлік қабылеттерін дамытып, жанадан өнердің түрін үйреніп меңгерді. Барлық оқушыларға шеберлік классын меңгергені аясында куәлік тапсырылды және ЮНЕСКО сериясының «Балалар әлемді бейнелейді Қазақстан –Алматы» альбомын сыйға тартты.