Размер шрифта:
Еңбек күні мерекелік құттықтау «Еңбек түбі-береке»
24-09-2020 12:22
Елбасының жарлығымен қыркүйек айының соңғы жексенбісі «Еңбек күні» болып жарияланды. Осыған орай 24 ші қыркүйек күні Өнер мектебінде еңбек күні аталып өтті. 
  Еңбексіз адамның күні қараң, өйткені адамзат жаралғаннан бері бір анық ақиқат: ата-анаға, Отанға, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік отбасынан басталады. Отбасының амандығы,байқуатты болуы, адал перзенттің тәрбиеленуі еңбекпен тікелей байланысты.
  «Еңбек ер атандырады» дейді халқымыз. Сондықтанда тіршілікте бағы жанып, абыройы асқандардың барлығы да қажырлы еңбектің арқасы. Осы мерекеге орай мектебіміздің директоры Г.С.Жексембекова кіші қызметкерлердің еңбектерін бағалай отырып, қалалық білім бөлімінің Құрмет грамотасымен және мектепшілік Мақтау қағаздарымен марапатады. Мерекелік күнмен сәйкес келген туған күн иесі және құрметті еңбек демалысына шыққан қызметкерлергеде құттықтау қағаз бен  гүл шоқтарын табыстады.