XI облыстық техникалық шеберлік байқауы
02-11-2026 16:33
XI облыстық техникалық шеберлік байқауы
31 қазан күні Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің базасында тағылымдамалық алаң қызметі аясында XI облыстық техникалық шеберлік байқауы өтті.
Байқауды ұйымдастырушы — Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы.
Байқауда мектебіміздің фортепиано бөлімінің 4-сынып оқушылары Алябина Агата мен Болат Айгерім (оқытушысы — Пак Г.Х.) өнер көрсетіп, мектебіміздің намысын абыроймен қорғады.
Облыстық байқауға өңіріміздің 26 жас пианисі қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша Болат Айгерім II орынға ие болды!
Сонымен қатар, колледж студенттерінен құралған балама қазылар алқасының шешімімен екі оқушымыз да II орынға лайық деп танылды.
Жас пианистеріміз Агата мен Айгерімді лайықты жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта шығармашылық табыс, жаңа жеңістер мен шабыт тілейміз! Шәкірттерін биік белестерге жетелеп жүрген ұстаздарына да зор алғыс білдіреміз!
Өнерлі оқушыларымызбен мақтанамыз! Жеңістеріңіз көп болсын!
31 октября состоялся XI областной конкурс технического мастерства, организованный в рамках деятельности стажёрской площадки на базе Карагандинского колледжа искусств имени Таттимбета.
Организатор конкурса — Учебно-методический центр развития образования Карагандинской области.
Нашу школу достойно представили ученицы 4 класса фортепианного отделения Алябина Агата и Болат Айгерім (класс преподавателя Пак Г.Х.).
В конкурсе приняли участие 26 юных пианистов со всей области.
По итогам конкурса Болат Айгерім заняла II место
Кроме того, по решению альтернативного жюри, в состав которого вошли студенты колледжа, обе наши ученицы были удостоены II места.
Поздравляем Агату и Айгерім с достойным выступлением! Желаем девочкам дальнейших творческих успехов, новых побед и вдохновения, а преподавателю — гордости за своих учениц!
 
Гордимся нашими юными пианистками!