"Таза Қазақстан" көрмесі
24-10-2026 16:01

"Таза Қазақстан" көрмесіне қала мектептері мен қосымша білім беру ұйымдары қалдық материалдардан жасалған бұйымдар мен оларды қайта өңдеуге арналған жобаларды ұсынды. Ағаш, пластик бөтелкелер мен қақпақтар, пеноплекс, мата қалдықтары және жұмыртқа қабығынан жасалған құстар мен балықтардың мүсіндері, парусниктер, ұлттық жәдігерлер, жер шарының макеттері, көбелектер, қазақ оюларымен көмкерілген мозаикалар, паннолар, сондай-ақ кинусайга техникасымен орындалған жұмыстар қала тұрғындарының назарын аударып, жоғары бағасына ие болды.

https://www.instagram.com/p/De4xe2mMe15/

https://youtube.com/shorts/ov8_0BA9AcU