«Мен сені мақтан тұтамын, Қазақстаным!» мектепішілік көрме
«Мен сені мақтан тұтамын, Қазақстаным!»
Балалар өнер мектебінің көркемөнер бөлімінде Республика күніне орай 22 қазан күні «Мен сені мақтан тұтамын, Қазақстаным!» атты мектепішілік көрме ұйымдастырылды.
Көрмеге қойылған оқушылардың шығармаларынан туған жерге деген сүйіспеншілік, Отанға деген ыстық сезім мен елдің жарқын болашағына деген сенім айқын көрініс тапты. Жас суретшілердің туындылары көрермендерге ерекше жылулық сыйлап, патриоттық рухты асқақтататыны сөзсіз.




