Ұстаздар – ұлы тұлға!
7 қазан күні Балалар өнер мектебінде Ұстаздар мерекесіне орай мерекелік концерт өтті.
Мерекелік шараны мектебіміздің директоры Г. Сагатовна құттықтау сөзімен ашып, барша ұстаздарға ізгі тілегін білдірді. Шара барысында педагогтерге еңбектері мен кәсіби қызметтеріне деген құрметтің белгісі ретінде Алғыс хаттар мен Құрмет грамоталары табысталды.
Мерекелік кештің көркін мектебіміздің өнерлі оқушылары мен педагогтері ашты. Олар көрермендерге әсем әндер мен әсерлі музыкалық шығармалардан құралған концерттік нөмірлерін ұсынып, қызықты ойындар ұйымдастырды. Әрбір өнер көрсету ұстаздарға деген шынайы құрмет пен ыстық ықыласты айшықтай түсті.
Ұстаздарға құрмет көрсетіп, олардың еңбегін дәріптеуге арналған мерекелік кеш жоғары деңгейде өтіп, барша қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Ұстаздарымызға шығармашылық шабыт, зор денсаулық, еңбектеріне толағай табыс және шәкірттерінің биік жетістіктерін көруді тілейміз!


