Қарттар күніне арналған мерекелік шара
30 қыркүйек күні өнер мектебінде Қарттар күніне арналған мерекелік шара өтті. Шараға мектептің ардагерлері – ұзақ жылдар бойы білім ордасында еңбек еткен ардагер ұстаздар мен қызметкерлер шақырылды.
Ардагерлерге арнап өнер мектебінің оқушылары мерекелік концерт ұйымдастырды. Концерт барысында шетелдік және қазақстандық композиторлардың шығармалары, сондай-ақ қазақтың халық әндері мен күйлері домбыра, қобыз және фортепиано аспаптарында орындалды. Сонымен қатар, көрермендерге вокалдық шығармалар ұсынылды.
Мерекелік концерт жоғары кәсіби деңгейде өтіп, жылы әрі достық көңіл күйде жалғасты. Қонақтар жас өнерпаздардың өнерін тамашалап, ерекше әсерге бөленді.
Шара барысында кәсіподақ ұйымының атынан ардагерлерге жүрекжарды құттықтаулар айтылып, ізгі тілектер білдірілді. Мектеп ардагерлеріне құрмет ретінде естелік сыйлықтар табысталды.
Бұл мерекелік шара аға буынға деген құрмет пен ізеттілікті арттырып, ұрпақтар сабақтастығын нығайта түсті.
Қадірлі ардагерлерімізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық, бақ-береке және мол қуаныш тілейміз! Еңбектеріңіз бен өнегелі жолдарыңыз үшін алғысымыз шексіз!
30 сентября в школе искусств состоялось праздничное мероприятие, посвящённое Дню пожилого человека. На праздник были приглашены ветераны школы — бывшие педагоги и сотрудники, посвятившие многие годы своей жизни работе в нашем учреждении.
Силами учащихся школы был подготовлен праздничный концерт, в программу которого вошли произведения зарубежных и казахстанских композиторов, а также народные казахские произведения в исполнении учащихся на домбре, кобызе и фортепиано. Особое место в концертной программе заняли вокальные номера.
Концерт прошёл на высоком профессиональном уровне, в тёплой, спокойной и дружеской атмосфере. Гости с удовольствием приняли участие в праздничном мероприятии и получили много положительных эмоций.
От имени профсоюзной организации прозвучали тёплые поздравления в адрес наших ветеранов. В завершение мероприятия им были вручены памятные подарки.
Праздник стал доброй традицией, объединившей поколения, и подарил всем участникам атмосферу уважения, внимания и душевного тепла.
\






