Өнер – ел бірлігінің көрінісі
24-08-2026 16:07
Өнер – ел бірлігінің көрінісі
2026 жылғы 23 тамызда елімізде Құрылтай депутаттарын сайлау өтті. Осы маңызды күнге орай мектебіміздің қобыз, домбыра және вокал сыныптарының оқушылары Балқаш станциясына барып, сайлауға келген тұрғындарға өз өнерлерін паш етті.
 
Жас өнерпаздар әсем әндері мен күмбірлеген күйлерін орындап, жиналған көпшіліктің көңілінен шықты. Ұлттық өнерімізді дәріптеген оқушыларға көрермендер ыстық ықыластарын білдірді.
 
Бұл шара елдік маңызды күннің мәнін айшықтап, жас ұрпақтың өнерге деген сүйіспеншілігін танытқан тағылымды кездесу болды.