Размер шрифта:
«Мектепке көмек, балаға қолдау» жәрмеңкесіндегі концерт
24-08-2026 15:33
«Мектепке көмек, балаға қолдау» жәрмеңкесіндегі концерт
1 қыркүйек – Білім күні қарсаңында қалалық білім бөлімі ұйымдастырған «Мектепке көмек, балаға қолдау» атты жеке кәсіпкерлер жәрмеңкесі аясында мерекелік концерт өтті.
 
Концерт барысында мектебіміздің домбырашылар ансамблі Тұранның «Ер Тұран» күйін, қылқобызшылар ансамблі халық әні «Қызыл құмда ауылым» шығармасын орындады. Вокал сыныбының оқушысы Иманғазыев Мейірлан «Елім деп соқсын жүрегің» әнін шырқаса, «Ақмаржан» хореографиялық ансамблі «Қазақ рухы» биін көпшілік назарына ұсынды.
 
Өнерпаздардың өнері көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, мерекелік шараның сәнін келтірді.