Размер шрифта:
Ұлттық домбыра күні құтты болсын!
05-07-2026 14:56
Ұлттық домбыра күні құтты болсын!
Құрметті әріптестер, ата-аналар, оқушылар! Ұлттық домбыра күні құтты болсын! Домбыра – қазақ халқының рухын, тарихын, салт-дәстүрі мен ұлттық болмысын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан қасиетті мұра. Қос ішектен төгілген әрбір күй – елдің шежіресі, халықтың қуанышы мен мұңының үні.
Ұлттық домбыра күні – ұлттық өнерімізді ұлықтап, төл мәдениетімізді дәріптейтін ерекше мереке. Бұл күн жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, күй өнеріне деген сүйіспеншілікті арттыруға үндейді.
Баршаңызды Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Әр шаңырақтан күй күмбірі үзілмей, ұлттық өнеріміздің мерейі асқақтай берсін! Баршаңызға зор денсаулық, шығармашылық табыс, береке мен бақ тілейміз!
Домбыраның күмбірі – халқымыздың мәңгілік үні!